|
||||||||
|
Шешімдер / Sales CreatioSales Creatio қарапайым интерфейсімен жұмыс істеп рақаттаныңыз. Қажетті функция мен ақпаратты оңай табыңыз — қолданбаны компьютерде, планшетте және смартфонда қолдану бірдей жеңіл. Деректер мәтінмәнге сәйкес шығарылатындықтан, экранда тек ағымдағы жұмысқа маңызды деректер көрсетіліп, мәселенің шын мәніне зейін салуға көмектеседі.
Компанияңыздың контактілері мен контрагенттерінің бірыңғай қорын жасаңыз. Sales Creatio қолданбасында контрагенттердің байланыс деректері, мекенжайлары (оларды осы жерде картадан көруге болады), әлеуметтік желілердегі профильдері, ұйым құрылымы сақталады. Клиенттің толық кескіні қолда болса, дұрыс ынтымақтасу стратегиясын құруға және контрагенттермен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік аласыз.
Контактілер мен контрагенттердің қорын ұйымның жұмысын ыңғайлы әрі тиімді ету үшін сегменттерге бөліңіз. Ақпаратты тез табу үшін клиенттерді салалар мен жылдық айналым бойынша бөлуге, ең басым клиенттерді немесе олардың санаттарын таңдаулы ретінде белгілеуге болады. Белгіленген параметрлерге сәйкес автоматты түрде толтырылатын динамикалық топтарда, мысалы, бір айдан астам хабарласпаған барлық клиенттерді көруге болады.
Клиенттермен және серіктестермен хабарласудың толық тарихы негізінде қарым-қатынас құрыңыз. Жүйе барлық кездесулерді, қоңыраулар мен хабарларды, жасалған шарттарды, сату әрекеттерін, тапсырыстар мен шоттарды белгілі бір контактіге немесе контрагентке байланыстырып сақтайды. Осының арқасында контрагентпен жұмыс істеу қарқынына баға беріп, ынтымақтасу стратегиясын өзгертуге және тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туады.
Біріктірілу арқасында Facebook және Twitter желілерінен контактілердің қосымша деректерін алыңыз. Әлеуметтік желілерден клиент туралы ақпарат алу үшін тінтуір түймесін басып қалсаңыз болғаны.
Компанияның одан әрі дамуын клиенттер қорын талдау негізінде жоспарлаңыз. Әр түрлі көрсеткіштер бойынша үздік клиенттерді бөлектеп, компанияның басым даму бағыттарын анықтауға болады. Талдау деректерімен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін, қорытынды құралдарын қажетті көрсеткіштерге реттеуге болады.
Корпоративтік әлеуметтік желі көмегімен компаниядағы оқиғалардан хабардар болып отырыңыз. Қызықтыратын хабарласу арналарының, жобалардың, шаралардың немесе тіпті контактілердің жаңалықтарына жазыла аласыз. Әдеттегі әлеуметтік желідегідей пікір алмасуға, лайк қоюға және түсіндірме қосуға болады.
Жұмыс уақытын, кездесулер мен тапсырмаларды ыңғайлы кесте көмегімен жоспарлаңыз. Жеке немесе топ тапсырмаларын жасауға, оларға контактілерді, мәмілелерді я құжаттарды қосуға, сондай-ақ тапсырмалар мен кестені Google Calendar және Microsoft Exchange күнтізбелерімен синхрондауға болады. Маңызды оқиғалар туралы барлық ескертулер арнайы хабарландыру панелінде көрінеді.
Электрондық хаттармен Sales Creatio жүйесінен өзіңіздің пошта жүйеңізге шықпай-ақ жұмыс істей аласыз. Сонымен қатар әрбір хат контрагенттерге, сату әрекеттеріне, тапсырыстарға және жүйенің басқа нысандарына байланыстырылады. MS Exchange және Google жүйелерімен интеграция арқасында Sales Creatio ішінде бірнеше пошта жәшігіндегі хаттарды біріктіруге болады. Жүйеге қажетті профильдерді қосып, хаттардың бәрін көре алатын боласыз.
Клиенттерге жүйе ішінен қоңырау соғып, қоңырау қабылдауға болады. Ынтымақтасудың толық тарихын құру үшін барлық қоңыраулар жүйеде сақталады. Осының арқасында қоңыраулар бойынша мақсатты көрсеткіштерді қадағалауға, қызметкерлердің тиімділігі бойынша жеке кесінділерді реттеуге болады. Күшті процесс құрастырушы көмегімен жүйеде реттеу арқылы бизнес процестерді автоматтандырыңыз. Жүйеде шара (тапсырмалар, қоңыраулар, хаттар) жасауға, интерфейс беттерімен жұмыс істеуге, деректерді өңдеуге, сыртқы қызметтерді шақыруға арналған алдын ала реттелген элементтер көмегімен процестерді BPMN нотациясында үлгілеңіз.
Процестердің орындалуын өлшейтін кез келген көрсеткіштерді (ұзақтық, орташа орындалу уақыты, максималды және минималды мәндер) кез келген кесіндіде (орындаушылар, бөлімшелер, өнім бағыттары) бақылауға болады. Процестерді орындалу барысында дэшбордтарға түсіріп, визуализация жасаңыз. Ыңғайлы процесс журналымен процестердің «тар» жерлерін қадағалаңыз.
Ықтимал клиенттердің қажеттіліктерін басқарып, олар келетін көздерді қадағалаңыз. Лидтерді Web2Lead сайтындағы тіркеу формасынан және басқа көздерден қосыңыз. Сол кезде жүйе деректерді автоматты түрде тексеріп, жаңа контакт жасайды да, сізді лидтермен жұмыс істеу процесімен жүргізіп отырады.
Сату жасамас бұрын клиентке хабарласып, оның қажеттіліктерін нақтылап алыңыз. Клиентпен хабарласу тарихын процесс бойынша жоспарланған шараларда сақтап отырыңыз. Клиент сатудың басталуына немесе тапсырысты рәсімдеуге дайын болса, тиісті процесті іске қосыңыз.
Барлық сату әрекеттерін жүйенің бір бөлімінен басқарыңыз. Әрбір мәміле бойынша тактиканы, негізгі бәсекелестерді, олардың мықты және әлсіз жақтарын, клиент тарапынан мәміле қатысатын маңызды қатысушыларды, олардың шешім қабылдаудағы рөлдерін анықтаңыз. Клиенттің бюджетіне, мәміле кезеңі мен ықтималдығына, сондай-ақ мәмілені аяқтау күніне қарай, сату болжамын жасаңыз.
Коммерциялық ұсыныс дайындаңыз, өнімдердің құнын есептеңіз және құжаттарды нақты сату әрекетіне байланыстырып сақтаңыз. Құжаттарға бұрыштама қою процесінің көмегімен коммерциялық ұсынысты компания ішінде жылдам келісуге болады.
Сату құйғышымен компания жұмысының әрбір сату кезеңіндегі тиімділігін талдап, менеджерлердің жұмысындағы «тар» жерлерді анықтаңыз. Кезеңдер арасындағы конверсияны, әрбір сату кезеңіндегі мәмілелер санын (құйғыш толықтығын) бағалауға және менеджерлердің немесе тіпті сату бөлімдерінің жеке құйғыштарын бір-бірімен салыстыруға болады.
Sales Creatio жүйесінде компанияның құжат айналымын жүргізіңіз. Жүйеде кез келген құжат түрін клиентке, сатуға, тапсырысқа байланыстырып тіркеңіз. Тез әрі оңай көру үшін құжаттың сканерленген көшірмесін қыстыруға немесе құжат файлын алдын ала реттелген үлгі бойынша жасап, оны жүйедегі деректермен автоматты түрде толтыруға болады. Әрбір құжат бойынша келісу тарихы мен шаралар хронологиясын сақтаңыз.
Құжаттарға алдын ала реттелген процеспен бұрыштама қойыңыз. Жүйе жауапты тұлғаларға бұрыштама қою туралы хабарландыруды автоматты түрде жібереді. Сондай-ақ параллельді немесе ретті бұрыштама қоюды және бұрыштама қою өкілетін басқа біреуге беру тәртібін реттей аласыз.
Компанияның сыртқы және ішкі жобаларын басқару процесін оңтайландырыңыз. Жобаны орындауға қажетті қорлардың тізімін жасауға, жоба бюджетін белгілеуге, жоба мерзімдері мен тобын жоспарлауға болады.
Барлық қажетті құжаттар мен жарияланымдарды бірыңғай білім қорында сақтаңыз: мақалалар, скрипттер, жаңа қызметкерлерге арналған нұсқаулар, құжаттардың үлгілері, презентациялар, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары. Жүйе түсіндірме және лайк қалдыруға мүмкіндік береді. Олардың арқасында авторлар мақалаларын жақсартуға және кейін талқылайтын қызықты тақырыптарды бөлектеп алуға мүмкіндік алады.
Поштаны, контактілерді, тапсырмаларды және кестені MS Exchange жүйесімен синхрондаңыз. Синхрондау жиілігін реттеп (күніне бір рет, сағат сайын я одан жиі немесе тек қолмен), соңғы деректерді әрдайым көре аласыз.
Поштаны, күнтізбені және контактілерді Google есептік жазбасымен синхрондаңыз. Екі жақты интеграция арқасында пошта жіберуге немесе күнтізбемен жұмыс істеуге арналған қолданбаларды ауыстырып қосу қажет болмайды.
Пошта провайдерінің қарамастан клиентпен алмасқан электронды хаттардың барлық тарихын жүйеде сақтаңыз. Хаттарды Sales Creatio жүйесінен шықпай-ақ жіберуге және қабылдауға болады.
Клиенттер қорын, анықтамалықтарды және құжаттарды есептік жазбаңызбен синхрондап, пайдаланушылардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз. Негізгі параметрлерді қолдануға немесе синхрондалатын нысандардың тізіміне әзірлеушінің көмегінсіз жаңа мәндер қосуға болады.
Жүйені бизнесіңіздің бірегей ерекшеліктеріне сай реттеңіз. Кез келген беттің сыртқы көрінісін тінтуір түймесін бірнеше рет басып реттеп, қажетті ақпаратты ғана, дэшбордттарды және олардағы кез келген көрсеткіштерді көре аласыз: графиктер, өлшеу көрсеткіштері, реестрлер. Бет шеберінің көмегімен Sales Creatio жүйесінде жаңа бөлімдер жасауға және қолдағы бөлімдерді өңдеуге мүмкіндік аласыз.
Икемді реттеу арқылы пайдаланушылардың әр түрлі рөлдерінің деректерді қолдану құқықтарын шектеңіз. Жеке жазбаларды немесе олардың топтарын қолдану құқықтарын реттеуге, сондай-ақ белгілі бір рөлдегі пайдаланушы өзінің жұмыс орнында көретін бөлімдерді белгілеуге болады.
Журнал маңызды деректермен жасалған әрекеттерді сақтап, ақпаратты жылдам қалпына келтіруге немесе жүйедегі оқиғалар хронологиясын — не істелгенін, кім және қашан істегенін — түсінуге мүмкіндік береді.
|
|||||||