title background

Қызметтер

 

 

CRM жүйесін ендіру

CRM жүйесін ендіру жобасына ресурстар мен уақыттың қомақты мөлшері жұмсалуы мүмкін. Тәуекелдерді барынша азайтып, табысты аяқтау үшін, PRINCE2 әдіснамасына сәйкес жобаны келесі өзара байланысты кезеңдерге бөлу ұсынылады:


1-саты: диагностика

Орындаушының кеңесшілері Тапсырыс берушінің өкілдерімен сұхбат өткізіп, жүйеге қойылатын жалпы бизнес талаптарды талдайды. Бұл сатының міндеті — жобаның аясын және болжалды жұмыс көлемін анықтау. Қорытынды бойынша Орындаушы Тапсырыс берушіге жобаны жүргізу ұсынысын жасап, Тапсырыс беруші оны қабылдайды немесе бас тартады: жоба мазмұнының сипаттамасы; жобаның бастапқы жоспары; жобаның болжалды көлемі мен аясы.


2-саты: талдау

Бұл сатыда Орындаушының кеңесшілерінен және Тапсырыс берушінің мамандарынан тұратын жоба командасы диагностика сатысында басталған бизнес процестердің егжейлі талдауын жалғастырады. Орындаушының кеңесшілері ұқсас жобалармен істеген жұмыс тәжірибесін және Тапсырыс беруші мамандарының ақпаратын қолдана отырып, бизнес процестерді жоба логикасына ауыстырып, жүйенің қажетті реттеулерін анықтайды.

Талдау жасалып болғанда, жүйенің барлық келешек реттеулері «Техникалық тапсырма» құжатына жинақталып, оны Тапсырыс беруші тексереді және келіседі.


3-саты: реттеу

Бекітілген «Техникалық тапсырма» мен жұмыс кестесіне сәйкес Орындаушы жүйені реттеуге кіріседі. Жұмыстар Орындаушының ресурстары мен қуаттылығы негізінде жүргізіледі, оларға әзірлеу ортасы мен сынақ ортасы кіреді. Функционалдық сынағын Орындаушы кеңесшілерінің командасы өткізеді.

Саты барысында Тапсырыс беруші реттелетін жүйенің сынақ ортасына қашықтан кіру арқылы жүйенің функционалдық блоктарын реттеудің аралық нәтижелерімен таныса алады.


4-саты: ашу және пайдаланып көру

Реттелген және сынақтан өткен жүйе Тапсырыс берушінің инфрақұрылымында ашылады, пайдаланушылар оқытылады және жаңа жұмыс ортасына көшу процесі орындалады. Іске қосылғаннан кейін, жобаның ауырлығына байланысты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылатын жүйені пайдаланып көру кезеңі басталады. Бұл кезеңде жоба командасы тығыз жұмысты жалғастырады, Орындаушының кеңесшілері Тапсырыс беруші мамандарының қорытынды ескертулері бойынша қосымша реттеу жүргізеді.

 

 

Пайдаланушыларды оқыту

Пайдаланушылардың CRM жүйесінде оқытылуы жүйені пайдалану тиімділігін арттыруға: функциялары туралы білімді кеңейту және жұмыс ортасын өз қалауларына сәйкес реттеуге бағытталған.

Оқытуды бірнеше жолмен жүргізуге болады:

  • Өз бетімен оқып, артынан тест тапсыру. Ол үшін Terrasoft Academy жүйе туралы толық құжаттама мен бейне курстарды, сондай-ақ сынақтан өту мүмкіндігін береді.
  • Sanatel Consulting мамандары Тапсырыс берушінің қызметкерлерін клиенттің кеңсесіне бару арқылы тікелей немесе қашықтан (Skype, TeamViewer, т.б.) оқыта алады.

 

 

CRM жүйесін алып жүру

Біз өз клиенттерімізге SLA және осы саладағы ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес Terrasoft CRM өнімін қолдау қызметтерін ұсынамыз. Көрсетілетін қолдау қызметтерінің мақсаты — Terrasoft CRM негізінде жүйені үздіксіз және барынша тиімді пайдалану. Қолдау аясында жүйенің негізгі пайдаланушыларына кеңес беріліп, түрлі операциялар мен реттеулер орындалады да, соның арқасында платформаның бүкіл мүмкіндіктерін күнделікті пайдаланылу айтарлықтай жеңілдейді.

Әдістемелік жағынан қолдауды әрқайсысы бөлек міндеттер жиынтығына жауап беретін үш кезеңге бөлу дұрыс болып саналады.

  • Қолдаудың 1-ші желісі BPM жүйесінің түпкі пайдаланушыларынан өтінімдер түсетін жалғыз көз қызметін атқарады. Бұл желінің мамандары нұсқау бойынша және жылдам шешуге болатын үлгілік өтінімдерді өңдейді. Бірінші желідегі жұмыстың артықшылықтары — қолжетімділік, жүйелілік және жұмыс жылдамдығы. Оның арқасында аса күрделі өтінімдер жылдам әрі түпкі пайдаланушы үшін ыңғайлы түрде қолдаудың екінші және үшінші желісінде отырған қажетті қызметкерге бағытталып, оңай тапсырмалар телефонмен сөйлесу арқылы шешіледі.
  • Қолдаудың 2-ші желісі жүйенің орнатылған конфигурациясын жақсы білетін жүйелік әкімші қызметін атқарады. Оның міндеттеріне қолданыстағы функционалдың жұмысымен байланысты өтінімдерді жылдам шешу, ақауларды түзету туралы кеңестер мен өтінімдер бойынша қолдаудың үшінші желісімен әрекеттесу кіреді. Екінші желі жүйені пайдаланудың ағымдағы күйі мен пайдаланушыларда жиі болатын мәселелер туралы тиісті білімге ие болғандықтан, үшінші желі үшін жаңа қосымша жұмыс және функционалды оңтайландыру міндеттерін қоюға жиі қатысады.
  • Қолдаудың 3-ші желісі платформа мүмкіндігін және жүйенің орнатылған конфигурациясын жетік білетін тәжірибелі мамандардан тұрады. Олардың қатарына жүйені толықтыруға және дамытуға тұрақты түрде қатысатын кеңесшілер мен әзірлеушілер кіреді. Үшінші желі тереңірек кеңес беріп, ауыр ақауларды жылдам жойып, ұсақ толықтырулар жасай алады.